Облыстық дөңгелек үстел

12 желтоқсанда Қарағанды қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі «Қарағанды облысы орта мектеп оқушыларының қазіргі таңдағы сәйкестігін қалыптастыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Кездесудің қонақтары ретінде Қарағанды облысының аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының әдіскерлері, ЖОО мен «Тамды Арқа» қорының өкілдері, Қарағанды қаласының алдыңғы қатарлы мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қазіргі заманғы сәйкестікті дамыту мән мәтінінде облысымыздың білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудің пәлсапалық, құқықтық, педагогикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілерін талқылау болып табылды.

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Е.Н. Иманғалиев өз сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының мәнмәтінінде қазіргі таңдағы ұқсастықты қалыптастырудың негізгі аспектілерін атап өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Биманова Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі қазіргі таңдағы ұқсастық пен әлеуметтік сипатты қалыптастыру мәселелері бойынша өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол құндылықтарға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу арқылы оқушының моделін қалыптастырудың маңыздылығын баса айтты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бұндай құндылықтар ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» NIS-Рrogram Білім беру бағдарламасы, елімізде және шетелде таңдау курстарына қатысу, тәрбие жұмыстарының  жүйелілігі және оқушылардың әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерге белсене араластыру арқылы жүзеге асырылады.

Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және оқыту мәселелерін, қазіргі заманғы ұқсастықты қалыптастыру мәселелерін талқылады.